Иелері
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia Қазақстанда: қазан айының қорытындысы
18 қараша 2022

Kia Қазақстанда: қазан айының қорытындысы

Қазақстандық Авто Бизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, Kia бренді 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда жаңа автокөліктерді ресми сату қорытындысы нәтижесінде үшінші орынға ие болды. Танымал корей брендінің үш моделі үздік 10-қа кірді.

Осы жылдың қазан айында қазақстандықтар 1408 Kia автокөлігін сатып алды, бұл 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,3%-ға, 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 63,5%-ға жоғары.

Қазақстандық нарықтағы жаңа  Kia Ceed хэтчбегі мен Ceed SW универсалы сатылуы бойынша төртінші орынға көтерілді, 484 автокөлік сатылып С сегментінің көшбасшылары атанды. Осылайша қазақстандықтар Еуропалық нарыққа бағдарланған гольф-санаттың жаңартылған моделін жылы қарсы алды. Сарапшылардың пікірінше, Ceed және Ceed SW алдағы жылдары өз санаттарында көшбасшылық орынға күресу үшін жақсы әлеуетке ие.

Қазан айында C-SUV сегментінде сатылым бойынша жетінші орынды Kia Sportage кроссовері иеленді. Ал оныншы болып Kia - ның тағы бір моделі D сегментінде көшбасшы болған K5 седаны.
2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Kia бренді 11 135 автокөлікті сатып, ҚР автокөлік нарығы көшбасшыларының үштігіне тұрақты түрде енді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің нәтижесінен 41,8%-ға жоғары.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right