2025 ж. 8 сәуір, Алматы – Kia 15 сәуірден бастап Қазақстанда Sportage 30th Anniversary Edition арнайы мерейтойлық топтамасының Sportage кроссоверлерін сату басталатынын хабарлайды.
1993 жылы нарыққа шыққан Kia Sportage әлемдік автокөлік өнеркәсібі тарихына ерекше із қалдырды. Осы кроссовердің 7 миллионнан астамы сатылды, бірінің орнын бірі басқан бесінші буынға жалғасып келеді. Sportage экспортқа шығарыла бастаған брендтің алғашқы жеке әзірленген моделі болды. 2015 жылдан бастап Sportage Kia-ның әлемдік бестселлері позициясын иеленді. Ол өзінің сәтті, есте қаларлық дизайнымен және шабыт беретін қарқынымен жүргізушіні үнемі қызықтырып отырады. Sportage-дің жетістіктері Kia-ның клиенттерге әрдайым инновацияның, сапаның және уақытқа қарамайтын дизайнның символы болатын автокөліктерді ұсыну идеясына деген адалдығын көрсетеді.
«Kia Sportage пайда болған сәттен бастап-ақ үлкен серпін әкелді, - дейді аға вице-президент және жаһандық бизнес бөлімшесінің бастығы Тэй-Хун (Тед) Ли (Tae-Hun (Ted) Lee): - 30 жыл бойы аталмыш автокөлік өзінің бастапқы озық инновациялық қалпынан таймай келеді, ең заманауи технологияларды, дизайнды және техникалық сипаттамаларды ұсынады, сондықтан әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүргізушілер осы автокөлікті таңдайды».
Sportage-дің қазіргі заманғы бесінші буыны 2021 жылы ұсынылды. Брендтің «Қарама-қайшылықтар бірлігі» (Opposites United) деген жаңа дизайн философиясы аясында әзірленген автокөліктің әсерлі бейнесі және әртүрлі күш қондырғылары көлікті бүкіл әлемге танымал етті. Алдыңғы буындар сияқты бесінші буындағы Sportage де әлемнің әртүрлі аймақтарында көптеген беделді марапаттарға ие болды.
Kia өзінің ең танымал кроссовер өндірісінің отыз жылдығын атап өту үшін жаңа Sportage 30th Anniversary Edition арнайы топтамасын шығарды. Жетілдірілген ерекшелігі бар бұл нұсқа брендтің болашағын көрсететін және оның тарихына құрмет көрсететін әсерлі дизайнды пысықтаған.
«Sportage-дің Kia брендінің даму тарихына қосқан ерекше үлесіне құрмет көрсете отырып, 30th Anniversary арнайы мерейтойлық топтамасы автокөліктердің болашағына деген көзқарасымызды көрсетеді, негізгі модельдің жайлылығы мен сапасын тиянақтайтын қосымша ерекшеліктер ұсынады», - дейді Тед Ли.
30th Anniversary Edition арнайы топтамасының автокөліктері X-Line жабдықталымынан бір саты жоғары тұр.
X-Line нұсқасынан бір ерекшелігі – Sportage 30th Anniversary Edition-де жылтыр қара әрлеу элементтері көп. Мұндай эксклюзивті элементтер автокөліктің бейнесін бұрынғыдан да айқын әрі заманауи ете түседі. Радиатор торының жоғарғы бөлігі, алдыңғы және артқы бамперлердің төменгі бөлігі, есіктер мен есік табалдырықтарының астыңғы жағындағы қаптама жылтыратыла әрленген. Арнайы топтаманың автокөліктеріне жаңа, ерекше дизайндағы 19-дюймдік дискісі бар дөңгелектер орнатылады. Арнайы топтамада шанақтың жаңа күңгірт сұр түсі (Shadow matt grey) қолжетімді болады.
Клиенттер тек Sportage 30th Anniversary Edition үшін қарастырылған екі түрлі түсті әрлеу пакеттерінің бірін таңдай алады, ол – қара немесе қара жасыл. Пакетке төбені және тіректерді, орындықтарды, есік картасының сәндік элементтерін және орталық консольдің түбін әрлеу қамтылған. Орындықтар былғарыдан және күдеріден тігілген, графикалық перфорацияланған өрнегі бар жаңа, мұқият өңделген аралас әрлемемен қамтамасыз етілген. Жасыл күдеріні тігу үшін түсі сәйкес келетін жасыл жіп қолданылған. Жүргізуші мен алдыңғы жолаушы орындықтарының бас тіректерінде «30th Anniversary» деген фирмалық таңба бар, бұл интерьерді бұрынғыдан да ерекше етеді.
Аталмыш нұсқа бірегей стильді дизайнды ғана емес, сонымен қатар Kia-ның ең озық опцияларын ұсынады:
Қазақстанда Kia Sportage 30th Anniversary Edition 21 990 000 теңге көлемінде ұсынылатын болады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-19: 00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жс 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Kamkor ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2025 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»